Екібастұз ГРЭС-2 ғимаратының шатыры желге шыдас бермеді

Екібастұз ГРЭС-2 ғимаратының шатыры желге шыдас бермеді

Қатты жел станцияның әкімшілік-тұрмыстық кешенінің төбесін жұлып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама 8 маусымда "112" пультіне келіп түскен.

- 1994 жылы салынған" СЭГРЭС-2 " АҚ әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ғимаратының төбесі бұзылды. Қатты шатыр  шамамен 2010 жылы орнатылған.  Жұлынған шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды,-делінген  хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Келтірілген шығын алдын ала тексеру мен бағалаудан кейін белгілі болады.

Фото ТЖД баспасөз қызметі ұсынды