Павлодарда қазақ тілінен тестілеу өтуде

Павлодарда қазақ тілінен тестілеу өтуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тестілеуге барлық санаттағы азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, 2023 жылғы 16-20 қазан аралығында Инновациялық Еуразия Университетінде «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізіледі.

– Жүйенің негізгі мақсаты – қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалау. Аталған тестілеумен жалпы облыс бойынша барлығы 700-ден астам адамды қамту жоспарлануда, – дейді басқармада. 

Тестілеуге облыстың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының, сонымен қатар әскери құрылымдар мен ұйымдардың қызметкерлері және барлық санаттағы азаматтар қатысуда.