«Ерке Ертістің жағасында»: Павлодарда жаңа логотип әзірленді
Жобаның графикалық көрінісі көптеген тарихи және идеологиялық мағыналарды біріктірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Туристік тартымдылықты арттыру, ресми және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде бірыңғай стильді қалыптастыру, қаланың ашық кеңістігінде, кәдесый өнімдерін, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді пайдалану мақсатында Павлодар қаласының әкімдігімен логотип пен дескрипторды қамтитын «Ерке Ертістің жағасында...» фирмалық стиль әзірленді.
– Логотиптегі таңба толығымен «PVL» аббревиатурасынан жасалған. Нақтырақ айтқанда, аббревиатура үшін түркі жазуынан, «Өлеңті жазуы» петроглифтерінен, «Қошқар мүйіз» қазақ ұлттық ою-өрнегінен және «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішінен шабыттанған, оған қысқа әрі минималистік шрифт таңдалды. Логотиптің көрнекті бөлігін кереметтей толықтырып тұрған жүрек тәрізді элемент және ол оған өзіндік ерекшелік беріп, өз қаласына деген сүйіспеншілікті білдіреді, – дейді қалалық әкімдікте.
Қаламыздың Қимақ қағанатынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы Ертіс өзенімен тығыз байланысты. Ертіс – табиғи шоғырландырушы идея, түрлі тарихи дәуірлердің үнсіз куәгері. Барлық ұрпақтар буынын шоғырландыру және қаланы оң көрінісін беру мақсатында «Ерке Ертістің жағасында...» дескрипторы ұсынылды, ол логотиптің соңғы үлгісіне айналған қысқа қаріппен таңдалды.
Сондай-ақ, түс гаммасы негізгі түстердің үйлесімді және минималистік үйлесімінде келтірілген: көк, жусан, қызғылт сары-құм және көгілдір. Ассоциативті – бұл аспанның, Қазақстан туының, Ертіс-Баян даласының және Ертіс суларының түстері.
Айта кетейік, фирмалық стиль идеясы бай тарихи жолды, мәдени әралуандылықты, ашықтық пен қонақжайлылықты, табиғаттың бірегейлігін «Тарих-Жаңғыру-Өрлеу» (История-Возрождение-Продвижение) жалпы лейтмотивімен көрсету болып табылады.