Павлодарлық фермерлер отандық техниканы жеңілдетілген лизингпен ала алады
Бағдарлама отандық өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша қосымша өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады. Бұл бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен лизингке алу мүмкіндігі бар.
Қаржыландыру шарттары бойынша, лизинг мерзімі 7 жылдан аспайды. Сонымен қатар, алғашқы лизингтік төлемнің мөлшері 10%-тен кем болмауы қажет.
Өтінімдерді қабылдау үшін компания арнайы Telegram-бот арқылы электронды кезек қалыптастырады. Клиент өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде аймақтағы «ҚазАгроҚаржы» филиалына барлық қажетті құжаттарды тапсыруы керек.
Павлодар қаласындағы филиал Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан.
Байланыс телефоны: +7(771)935-69-24.
Толық құжаттар тізімін www.kaf.kz сайтында білуге болады.