Павлодарда полицейлер пәтердегі үйілген қоқысты КамАЗ-бен шығарды
Учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Қасымхановқа тұрғындар қоңырау шалып, көрші пәтердегі қоқысты тазалауға көмектесуді сұраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Рolisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, тәртіп сақшысы 57 жастағы ер адам Кривенко көшесі, 81 мекенжайы бойындағы үйдің пәтерінде тұратынын анықтаған. Қала тұрғыны бір бөлмелі пәтерде қоқыс жинауды әдетке айналдырған.
– Көршіміздің құбыры қатып қалып, үйде жылу болған жоқ. Біз оның пәтерінің есігін қаққан едік, бірақ есікті ашпады, – дейді көршілер.
Жәнібек Қасымханов әкімдікке қоңырау шалып, бұл мәселені дереу шешуді және қоқысты шығаруға жәрдемдесуді сұраған. Әкімдік тіркемесі бар КамАЗ көлігін бөліп, полиция қызметкерлеріне пәтердегі қоқысты бірнеше күн бойы шығаруға тура келген. Содан кейін сантехник құбырды жөндеп, жылуды қосқан.