Кенжекөлде учаскелік сайлау комиссиясының мекенжайы ауыстырылды
Тұрғындар мәдениет үйінде дауыс бере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кенжекөл әкімдігінің мәліметінше, №133 учаскелік сайлау комиссиясы музыкалық мектептен Кенжекөл ауылы, Ата Заң алаңы, 3/2 мекенжайындағы мәдениет үйіне ауыстырылға.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі 2024 жылғы 6 қазанда референдум арқылы шешілетінін хабарлаған болатын. Референдумда дауыс беру бюллетень негізінде жүзеге асырылады.