Павлодарда қолөнер шеберінің жеке көрмесі ұйымдастырылды
Астана қаласында ұйымдастырылған КИНЭС кітабына енген жобалардың қатысушылары сертификатпен марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мәліметінше, бүгін Сәкен Құспекованың 100 жылдығына орай «Қолөнері – таусылмас қазына» атты еске алу кеші өтті.
Мақсаты – рухани әлемді байыту және ұлттық өнерімізді қолдана білу, жастардың шеберлік деңгейін арттыру, жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында жастарды қолөнермен таныстыру.
Сәкен Құспекова – қазақтың ұлттық бұйымдарын жүннен және матадан жасау бойынша халық шебері. 1924 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ол қолөнер шебері, өз қолөнерінің нағыз суретшісі болды. Оның жұмысы қолымен тоқуды, ою-өрнекпен тігу техникасын жақсы меңгергендігін көрсетеді.
– Сәкен апа ұлттық қолөнердің қайта жандануына көп еңбек сіңірді. Бұл оның арманы еді. Арманы көп жылдардан кейін орындалды. Бастапқыда ұсақ заттар тігіп бастады. Ал, бүгінгі таңда жинақта бірнесе бітпес, сырмақ, тұскиіз, төркөрпелер және т.б. заттары жинақ қорында сақталған. Сәкен апа өзінің өнері мен қабілетін ізбасарларымен бөлісті. Олардың қатарында Злиха Төлегенова, Қымбат Сартымбекова, Қайныл Омарбекова, Мария Өміржанова және тағы басқалары бар. Өкінішке орай, көбісі қазір арамызда жоқ, бірақ шеберлеріміздің қолдарынан шыққан туындылары бүгінгі күні келер ұрпаққа ескерткіш ретінде қалып отыр – дейді ұйымдастырушылар.
Шебер Алматы мен Павлодардағы республикалық және облыстық көрмелерге қатысушы. Оның кілемдері мен басқа да бұйымдары көптеген мұражайлар мен жеке коллекцияларда бар.
– Сакен апа Павлодар тарихи-өлкетану музейінің дизайнына үлкен үлес қосты. Павлодар музейінде қоржын, аяқ қап,сырмақ,табақша, көптеген киіз бұйымдары сақталып, экспозицияда қойылған. Апамыздың әдемі де қайталанбас бұйымдарын ғана емес, қарапайымдылығын, еңбекқорлығын, талантын, мейірімділігін ел есінде мәңгі сақтайды. Ол жай ғана өз жұмысын жақсы көріп, қазақтың ерекше, ежелгі ою-өрнек өнерімен барлығын баурына баса білген құрметті, аяулы жан болатын – делінген хабарламада.
Іс-шарада Екібастұз қаласының құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет ардагері Болат Құспеков, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Максилова, Исабек Ишана қорының төрағасы Зекен Құсаинов, «Шабыт қайнары» қолданбалы өнер орталығының басшысы Уасиля Нұрмұханбетова және мұражай басшысы Арман Алиакпаров сөз сөйледі.
Мәдени шарада Ерлан Олжаев өнер көрсетті.