Павлодарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған бағбандар жазаланды
Облыс орталығында бау-бақша шаруашылығында рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 21 сәуірде Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері қаланың бау-бақша шаруашылығында рейдтер жүргізді. Азаматтарға жадынамалар таратылды, құрғақ шөптер мен жапырақтарды жағу ережелері түсіндірілді. Аумақты және оның маңын құрғақ өсімдіктерден тазарту бойынша ұсыныстар айтылып, қызықтырған сұрақтарға мамандар жауап берді, - делінген хабарламада.
Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 5 бағбан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты негізде жүргізілетін болады.