Павлодарда өзге ұлт балалары қазақ халқының әндері мен күйлерін үйренуде

Павлодарда өзге ұлт балалары қазақ халқының әндері мен күйлерін үйренуде

Олардың алғашқы үйренген туындыларының бірі - халық әні «Еркемай» болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде балаларға арналған этно-шебер сабақтары ұйымдастырылды. 

Қазақ мәдени орталығының педагогы Әлия Апушева балаларды ұлттық астаптар мен халқымыздың атақты күйшілерімен таныстырды. Аспатың құрамы, ойнаудағы негізгі ережелер мен техникасын меңгертіп, қазақ халық әні «Еркемайды» орындап үйретті. 

Кәріс бөлімшесінің педагогі Жансая Джакудаева балалармен кәріс тілінде амандасу, қоштасу, алғыс айту сөздерін меңгеріп, қонақта өзін ұстау әдебі жайында мәлімет берді. 

Ал Белорус бөлімшесінің педагогтары Надежда Федькович пен Елена Шалимова балаларға қайыңның жас шыбығынан тәж өруді үйретті. Олар жұмыс барысында белорус халқының тәж тоқуға байланысты ырым-жорамалдарымен, әдіс-тәсілдерімен танысты. 

Әзірбайжан бөлімшесінің педагогтары Сакина Ибрагимова мен Лала Каримова балаларға Әзірбайжан халқының ою-өрнектері жайында мағлұмат беріп, олардың жиі кездесетін ұлттық киімі тақияларды көрсетті. 

Соңында барлық қатысушылар педагог Татьяна Головчуктың бастамасымен «Веселый ковбой» флешмобына қатысты.