Екібастұзда жазғы LEGO мектебі жұмыс істейді
Мұнда 7-15 жас аралығындағы балалар қосымша дағдылануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жазғы демалыс кезінде «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде жұмыс істейтін «LEGO-мектебі» хобби-орталығы екібастұздық оқушыларға құрылыс негіздерін меңгеруге, шығармашылық пен қиялды дамытуға, әлемге әйгілі Lego конструкторларының көмегімен күрделі логикалық міндеттерді шешуге үйренуге мүмкіндік беріп отыр.
Жазғы алаң жұмыс істей бастағаннан бері мұнда 7-15 жас аралығындағы оқушылар дизайн дағдыларын жетілдіруде. Көбі студияға жазылу арқылы келесі оқу жылында оқуын жалғастырғысы келді.
- Біз оқушыларға LEGO-құрастыруды үйренуге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың инженерлік дағдыларын дамытуға тырысамыз, - деп атап өтті лего мектебінің жетекшісі Айымгүл Айдарханова. - LEGO мектебі - бұл балалардың әлеуетін ашып, жаңа дағдыларын дамыта алатын техникалық шығармашылық студиясы.
LEGO мектебіне баратын оқушылар сабақтардан біліммен қоса оңтайлы тәжірибе мен ынта-жігер алып қайтатындарын атап өтеді.
- Маған өз модельдерімді құра алатындығым және басқа оқушылармен бірге топ болып жұмыс істей алатыным ұнайды. Бұрын мен LEGO жай ойыншық деп ойладым. Ал енді бұл болашақ құрылысшылар, дизайнерлер, инженерлер үшін керемет тренажер екенін түсіндім. LEGO-конструкциялау мектебіндегі сабақтардың арқасында менде дәл осы бағытта білім алуға және өз білімімді дамытуға ниет пайда болды, - деді LEGO-мектебінің оқушысы Олжас Теміржан.
Мектепте балалар әртүрлі құрылыс тұжырымдамаларын үйреніп, сызбалар бойынша модельдер әзірлеп және өз конструкцияларын жасауға мүмкіндік алды. Әрі балалар тәжірибелі нұсқаушының жетекшілігімен шығармашылық тапсырмаларға қатысуға мүмкіндік алды.