Павлодар ауданында Цамбо есімді қызметтік ит есірткі қылмысын тоқтатты

Павлодар ауданында Цамбо есімді қызметтік ит есірткі қылмысын тоқтатты
Фото: Павлодар облыстық ПД

Бүгінгі таңда кинологиялық орталықта 28 қызметтік-іздестіру иті бар,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік иттер қылмысқа қарсы іс-қимылға елеулі үлес қосады, түрлі қылмыстарды анықтауға және ашуға көмек көрсетеді. Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 336 қылмыс ашылып, 1000-нан астам шақырылымға қызмет көрсетілді. 

–  Иттерге арналған жаттығулар күн сайын өтеді. Төрт аяқты көмекшілер иесінің кез келген белгілеріне бірден жауап береді. Тренинг бірнеше кезеңнен тұрады, нәтижесінде иттер қажетті дағдыларды дамытады. Олардың әрқайсысы – өз саласының «маманы». Есірткі, жарылғыш заттарды табады, шабуылдау және ғимаратты қорғау бойынша іздермен іздейді, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиев.

Әрбір кинолог-полицейдің негізгі міндеті – оқиға орнында немесе жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қызметтік итті пайдалануға дайындау. 

– Бізде кездейсоқ адамдар жоқ, өйткені біздің қызметіміз жануарларға деген сүйіспеншілікке негізделген. Еңбекқорлық, шыдамдылық, жауапкершілік және зейін. Бұл қасиеттер болмаса, адам мен иттің өзара байланысы болуы, қызметтік міндетті тиімді орындау мүмкін емес, – дейді Нияз Валиев.

Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымға шамамен 140 килограмм есірткі жіберілмеді. 

Павлодар ауданы Черноярка ауылының маңында полицейлер Volvo автокөлігін тоқтатып, тінту кезінде Цамбо есімді қызметтік ит электр таспасына оралған және солидолға жағылған қорапты көрсеткен. Брикетті ашқан кезде оның ішінде гашиш болған. Осылайша, өткір иіс арқылы Цамбо есірткі қылмысын тоқтатқан. 

Айта кетерлігі, өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымнан шамамен 140 килограмм есірткі алынды.