Параға жол жоқ: Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қабылдау өтті
Жемқорлық мәселелері бойынша ең көп өтініш білім беру және полиция саласына қатысты түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, павлодарлық еріктілер «Жемқорлық туралы хабарла» атты қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
– Іс-шара барысында танымал қалалық демалыс аймағында халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акциямен 600-ден астам адам қамтылды, – деді департаменттің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, «Ertis Promenade» сахнасының жанында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық мәселелері бойынша жүгінуге болатын шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшік орнатылды. Онда 20-ға жуық қала тұрғыны шағымдар мен ұсыныстармен жүгінді.
– Азаматтардан сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша келіп түскен өтініштердің арасында ең көп шағым білім беру және полиция саласына болғаны анықталды. Мысалы, ата-аналар мереке күндері қарсаңында оқу орнындағы алым-салыққа шағымданды. Оған қоса жастар парасыз жұмысқа орналасу кезінде қиын екенін айтады, – деді департаментте.
Аталған барлық фактілерді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мұқият зерделейтін болады.
Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған азаматтарға ақшалай сияқты қарастырылған.