Павлодардағы басты жолдың бойындағы жұмыстар аяқталуда
Шаһар басшысы оны өзі тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбек Ак.Сәтбаев көшесі бойындағы тозығы жеткен су құбырын реконструкциялау жұмысының барысын тексерді.
– Қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Абоненттерді қайта қосып, аталған учаскені абаттандыру ғана қалған, – дейді әкім.
Хасар Хабылбек жауапты тұлғаларға бүгіннен бастап тас тақтайшаларды қалпына келтіріп, асфальт төсеуге дайындалуға кірісуді тапсырды.