Павлодар әкімі өзі бітірген кадет мектебіне қонаққа барды
Шаһар басшысы Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында «Жас сарбаз» кадет мектебінде болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Хасар Хабылбеков үшін «Жас сарбаз» кадет мектебі бөтен емес, себебі ол 2003 жылы осы оқу орнын бітірген.
– Шәкірттермен сөйлестім. Өзімнің «кадет» кезімдегі тәжірибелеріммен бөлістім. Осы мектеп қабырғасында мінезім қалыптасқанын, оқу бағдарламасымен – әскери істің ғылымдары және негіздерімен қоса, достық, намыс, Отанға адалдық пен уәдеге беріктіктің алғашқы және ең маңызды сабақтарын игергенімді айттым,– деп жазды өзінің Instagram парақшасында қала әкімі. – Былтырдан бері кадет мектебіне қайтадан қыздарды қабылдағанын естігенде таң қалдым. Демек, оқушы қыздарда мұндай қажеттілік бар.
Павлодар қаласының әкімін «Жас сарбазда» білім алғысы келетіндердің көбейіп бара жатқаны қуантады. Ол әлі күнге дейін кадет погондарын мұқият сақтап жүр және бір кездері аталмыш атақты алғанына мақтан тұтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram