Павлодардағы шағын аудандардың бірінде оқу мен спортты ұштастыруда
Алдағы уақытта орталықта секциялар көп болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Сарыарқа» шағын ауданында «Алаш» жаңа оқу-спорт орталығы ашылды. Мекеме директоры Мұрагер Армия түсіндіріп өткендей, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – секциялар мен оқу кабинеттерін бір ғимаратқа орналастыру.
– Бізде тегін дзюдо және ұлттық би секциялары бар, алдағы уақытта гимнастика мен каратэ секцияларын ашамыз, – деді сұхбаттас. – Орталықта бір мезетте 150 адам оқи алады.
Сыныптарда мұғалімдер балаларды мектепке дайындайды, ағылшын және қазақ тілдерінен, математикадан сабақ береді. Болашақта орталықта бассейн, ата-аналарға арналған фитнес-сауықтыру орталығын ашуды жоспарлап отыр.
«Арт-спорт» бағдарламасы бойынша дзюдо секциясына 200 адам тегін қатыса алады. Ақылы спорттық және оқу орындарына жеңілдіктер қарастырылған.