Ертіс ауданының полицейлері Спорт күнін атап өтті

Ертіс ауданының полицейлері Спорт күнін атап өтті
Фото: pexels.com / Content Pixie

Жарысқа криминалдық полиция мен учаскелік инспекторлар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауданның полиция қызметкерлері Спорт күніне орай салмақ көтеруден жарыс өткізді. 

– Спорттық жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды уақытша ұстау изоляторының полицейі Есмағамбет Мусин жеңіп алды. Екінші орын аға жедел уәкіл Әмір Сәдуақасовқа бұйырса, үшінші орынды жедел уәкіл Мәдин Нұрсұлтан иеленді. Салтанатты жағдайда барлық жеңімпаздар жеңістерімен құттықталып, грамоталармен марапатталды, – делінген хабарламада.

Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қуат Түсіпбеков спорттың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, спортпен шұғылдану денсаулықты нығайтып, дене дамуын жақсартудан бөлек, мінез бен ерік-жігерді қалыптастырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды, тәртіпті тәрбиелейді және қиындықтарды жеңуге үйретеді.