Павлодардың екі көшесінде су уақытша өшіріледі
Шектеу жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше тұрғын үйге қатысты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Малайсары батыр көшесі, 66 мекенжайында мердігердің жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады.
Су төмендегі мекенжайларда болмайды:
- Щедрин көшесі, 63кГ, 63кЕ, 63кД, 63;
- Малайсары батыр көшесі, 66, 68.
Тұрғындарға алдын ала қажетті мөлшерде су жинап алу ұсынылады.