Павлодарда жер қазу жұмыстары кезінде су құбыры зақымдалды
Нәтижесінде бірнеше мекенжайда су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Циолковский көшесі, 13 мекенжайында жер жұмыстары кезінде мердігер ұйым «Павлодар-Водоканал» ЖШС желілерін зақымдаған.
Компанияның мәліметінше, зақымды қалпына келтіру жұмыстарын мердігер өз күшімен жүргізеді. Оқиғаға байланысты Осипенко көшесі, 5 (Дағдарыс орталығы) және Циолковский көшесі, 12 мекенжайларында су беру уақытша тоқтатылды.