Павлодардың оңтүстігінде ыстық су беру уақытша тоқтатылады
Жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 мамырдан 15 маусымға дейін Усолка шағын ауданындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерде ыстық су беру уақытша тоқтатылды.
Келесі мекенжайлар бойынша су беру шектеледі:
- Майра көшесі, 1, 3, 15, 19, 21, 23, 25, 27/2, 29, 31, 33, 35, 37, 39, 39/1, 39/2, 41, 43, 47, 47/1;
- Ткачев көшесі, 3, 5, 5/1.
Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ыстық су тұрғын үйлерге қайта қосылады.