Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтеді
Фото: Павлодар облыстық ПД

Оқу-жаттығу түске дейін жалғасады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция депаратментінде азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.

21 сәуір күні сағат 05:00-13:00 аралығында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Әуежай-Антитеррор-04/2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.