Павлодарлық құтқарушылар тұрғын үйден шыққан өрттен алты адамды құтқарды
Бірінші қабатта басталған жалынның түтіні бесінші қабаттағы тұрғындардың зәресін ұшырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14:15-те Лермонтов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Жедел құтқару жасағы бірінші қабаттағы терезенің металл торларын бұзып, сол жерден екі ересек адамды құтқарып, екі бала мен бір ересек адам эвакуацияланды. Орнатылған автосаты бойынша бесінші қабаттан бір әйел құтқарылды,– деді департаментте.
Сегіз адам өз бетінше эвакуацияланды. Өрт 14:39-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 25 адамы және 9 техникасы, сондай-ақ жедел құтқару жасағы және апаттар медицина бригадасының қызметкерлері жұмыс істеді.