Павлодарлық зейнеткерді бір миллионнан астам теңгеге алдап кетті
Алаяқ өзін банк қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт зейнеткердің нөміріне қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметі қызметкері ретінде таныстырды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атына несие рәсімделген және оны жою үшін ол банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, оның нұсқауларын орындауы керек болды. Сол күні оның атына жалпы сомасы 1 миллион 125 мың теңге несие ресімделгені туралы белгілі болды.
Тағы бір жағдайда алаяқтардың арбауына 30 жастағы ауыл тұрғыны түскен. Ол мобильді қосымшасымен 370 мың теңге сомасына тауар кредитін ресімдеген. Кейін оған алаяқтар қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырды және осы ақшалай қаражатты қолма-қол ақшалай шешіп беруді ұсынған. Алаяқтар күмән туғызбас үшін соманың үш пайызы алынатынын айтқан. Кейін алаяқтар тұрғынның шотындағы барлық ақшаны алып кеткен.
Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша осы қылмыс фактілеріне қатысы бар адамдарды анықтауға жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.