Павлодарда Отбасы күніне орай спорттық жарыс ұйымдастырылады
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 5 қыркүйекке дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«New vision team» қоғамдық қоры Отбасы күніне арналған «Салауатты отбасы» отбасылық спорттық конкурсына өтінімдер қабылдауды жариялады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш іс-шара – отбасымен белсенді және пайдалы уақыт өткізудің бірегей мүмкіндігі. Жарысқа әке, ана және 5 пен 10 жас аралығындағы баладан тұратын отбасылық құрама қатыса алады.
Ата-аналардың жасы 35 жастан аспауы керек.
Айта кетейік, қатысудың егжей-тегжейлері мен шарттарын 8-705-190-21-10 нөмірі бойынша білуге болады.