Павлодарда көпбалалы энергетиктер отбасыларына қаржылай көмек берілді
Әр оқушыға кеңсе тауарларын сатып алу үшін бес мың теңге табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компания «Мейірімділік жолы» акциясына жыл сайын қатысады. Білім күні қарсаңында «Павлодарэнерго» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ мектеп жасындағы үш және одан да көп балалары бар энергетиктер отбасыларына қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, отбасы 15 адамнан тұратын кәсіпорын қызметкеріне ақшалай қаражаттан басқа кеңсе тауарлары берілді.
– Балаларға қатысты акцияларға ерекше назар аударамыз, – дейді «Павлодарэнерго» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Балтабек Толеубаев. – Жаңа жыл, Балаларды қорғау күні мерекелеріне орай іс-шаралар өткіземіз. Шыршаларға билеттер ұсыну, түрлі ойын-сауық іс-шараларын өткізу дәстүрге айналған. Осы оқу жылына орай 2,1 миллион теңгеден астам сомаға 381 оқушыға және 20 мүмкіндігі шектеулі балаға көмек көрсетілді.
Кәсіподақ ұйымы өкілдері акция аясында жыл сайын Ақсу қаласындағы көпбалалы отбасына барады. Воропаевтар отбасы 13 бала тәрбиелеп отыр: үлкені 26-да болса, кішісі – алты жаста, жетеуі – орта оқу орнының оқушылары. Отбасы өте тату: үлкендер үй шаруасына көмектеседі, кішілеріне бас-көз болады.
Отағасы Олег Александрович 11 жылдан бері «ПЭТК» АҚ электр желілерінің батыс кәсіпорнында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Ол үлкен отбасын қамтамасыз ету оңай емес екенін жасырмайды, бірақ балаларды жеткізу үшін бар күштерін салуда және оларға көршілері мен әріптестері қолдау білдіреді.
– Біздің отбасымыз үлкен, сондықтан шығындарымыз да өте көп. Балаларымыз – басты байлығымыз және жолдасым екеуміз он үш баланың ата-анасы болғанымызға қуаныштымыз, – дейді «Батыр ана» атағының иегері Анастасия Харисовна.
Отбасы балаларыға қуаныш сыйлап, мейірімділік танытқан жандарға алғыс білдірді.