Павлодарлық балаларды интернет алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

Павлодарлық балаларды интернет алаяқтарынан қалай қорғауға болады?
Фото:pexels.com/Ilya Andrianov

Ғаламтор желісіндегі алаяқтардың мектеп жасындағы балаларды қызықтыратын амалдары көп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. Fingramota.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалар бұл – аляқтар үшін осал санат

Жыл сайын миллиондаған жасөспірімдер, өздері білмей, қаржылық алаяқтардың онлайн тұзағына түсіп жатады. Барлығы жай ғана ұнатуды білдіретін смайликтен немесе әлеуметтік желідегі репосттан басталуы мүмкін.

«Касперский зертханасының» зерттеулеріне сәйкес, қазақстандық ата-аналардың 21%-ы балаларына төрт жасқа толмай тұрып құрылғылар сатып алады. Ата-аналардың 32%-ы балаларына алғаш рет төрт жастан алты жасқа дейінгі құрылғыларды береді. Сонымен қатар, балалардың жартысынан көбі (56%) ғаламторда күніне бірден төрт сағатқа дейін уақыт өткізеді, ал 23%-ы бос уақытының көп бөлігін ғаламторда өткізеді. Бұл статистика Қазақстандағы балалардың балабақша жасынан бастап ғаламтор пен әртүрлі құрылғыларды белсенді пайдаланатынын көрсетеді. Алайда балалар мен жасөспірімдер алаяқтар үшін өте осал санат болып табылады, сондықтан киберқылмыскерлер фишинг арқылы олардың құпия ақпаратын жиі тартып алады.

Көбінесе балалар интернеттегі ойындар, ақылы жазылымдар, онлайн-сатып алулар арқылы ақша алады. Баланың қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгісі немесе отбасына көмектескісі келетінін пайдаланып, қаскүнемдер оны әртүрлі заңсыз ақша табу тәсілдеріне тарта алады.

Алаяқтар алдымен неше түрлі аккаунттар арқылы балалармен байланысып, өздерін достары ретінде көрсетіп, баланың сеніміне кіреді. Сосын балалардың офлайн режимінде орналасуын бақылайтын қауіпті қосымшаларды пайдаланады және командалық ойын ойнап олармен әлеуметтік байланыс орнатады.

Алданып қалудың алдын алуға қалай болады?

Ата-аналар кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарын мүмкіндігінше бақылауда ұстағаны маңызды. Әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау керектігін түсіндіріп айту керек. Сонымен қатар, балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет.

Ең бастысы интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптерінен қорықпаңыз. Есіңізде болсын қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларын орнатпаңыз.