Павлодарлық дарынды оқушылар қалай шыңдалуда?
«Павлодар дарыны» орталығында өткен оқу жылында 150-ден аса іс-шара өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жұмысы әртүрлі қызмет түрлерінде ерекше дарындылық немесе қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсететін балаларды қолдау үшін жағдай жасауға бағытталған.
– Өткен оқу жылында орталық қала мектептерінің 16130 оқушысының қатысуымен 150-ден аса зияткерлік, шығармашылық іс-шараларын өткізді. Сонымен қатар, қосымша білім беру міндеттері орталықта дәстүрлі іс-шаралармен бірге жыл сайын инновациялық түрлерімен де толықтырылып, қосымша білім беру мектептерінің қызметі арқылы шешіледі: 2017 жылдан бері «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі, 2021-2022 оқу жылында «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебі, «Жас ақын», «ЗАҢ» азаматтық-құқықтық мектебі, – дейді орталықта.
Сонымен қатар «Көшбасшылық және қадір-қасиет» жоғары сынып оқушылары көшбасшыларының балалар мен жасөспірімдер қауымдастығы, 2022-2023 оқу жылында - «Актерлік шеберлік», «Жүргізуші» мектептерінің жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқушылардың дарындылығын анықтауға, дамытуға және қолдауға бағытталған оқу, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін шығармашылықпен жұмыс істейтін мектеп директорларының, мұғалімдерінің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында қала мектептері директорларының қауымдастығы құрылды.
9-11 сыныптарға арналған «Алтын сын» олимпиадалық резерв мектебі 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларды қалалық олимпиадаларға және жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау үшін ұйымдастырылған.
«Жаңа көзқарас» дебат мектебі – «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жобасына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» жобасы аясында дебат мектебінің жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы әзірленді. Бұл жоба қаланың барлық оқушылары үшін тиімді және сұранысқа ие бола алатын пікірталас қозғалысының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы оқушылардың әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуге бағытталған.
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру мақсатында қала мектептерінің 5-11- сынып оқушыларына «Жас ақын» мектебі өз жұмысын бастады. «Жас ақын» мектебі бойынша ұстаз-жаттықтырушылардың ұстаздық құрамы Павлодар қаласының үздік жазушыларынан анықталып, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық бөлімшесінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, «Найзатас» журналының жауапты хатшысы Еламан Қасенұлы Қабділәшім тағайындалды.
«Жүргізушілер мектебі» бағдарламасы әлеуметтік-педагогикалық бағытқа ие, көпшілік алдында сөйлеуге қызығушылық танытатын, сахналық қабілеттерге ие болғысы келетін және шығармашылық қабілеттерін дамытқысы келетін балалардың жеке қабілеттерін анықтауға және дамытуға ықпал етеді.