Павлодарлық оқушылар мақал-мәтелдер айтып жарысты

Павлодарлық оқушылар мақал-мәтелдер айтып жарысты
Фото: М. Әлімбаев мектебінен

Шаһарда интеллектуалды ойын өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қаланың №24 және М. Әуезов мектептерінің 8-сынып оқушылары кездесіп, интеллектуалды ойынға қатысты.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Павлодар қаласының мектептерінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бір-біріне жақын орналасқан іргелес мектептер оқушыларға дәйексөздерді дәріптеу, мағынасын терең түсіндіру мақсатында кездесіп, әртүрлі сайыстар өткізеді. 

–  Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар берілген суретке мақал құрастырса, екінші кезеңде деңгейлік тапсырмалар орындап, ақын-жазушылардың шығармаларындағы фразеологизм сөздердің мағынасын ашып талдады. Үшінші кезеңде мектеп бағдарламасында берілген дәйексөздерді тапты, – деді М. Әлімбаев мектебі директорының орынбасары Оразбек Бақытхан.

Қортынды нәтиже бойынша бірінші орын М. Әлімбаев мектебінің оқушыларына бұйырса, екінші орынды №24 мектеп оқушылары, ал үшінші орынды М.Әуезов мектебі иеленді.