Павлодарлық жас түлектер Торайғыров университетінің грантына ие болды

Павлодарлық жас түлектер Торайғыров университетінің грантына ие болды
Фото Константин Шелков

Биыл олимпиадаға 700-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінің мәлімдеуінше, мұнда Павлодар облысының мектептері мен колледждерінің түлектеріне арналған  олимпиада өткізу дәстүрі бар. Нәтижесінде ЖОО 20-дан астам грант бөлді. 

- Бұл шара талантты жастарды қолдау мақсатында өткізілді. Биыл олимпиадаға 700-ге жуық түлек қатысты. Оның 18-і 1-орынға ие болып, университет грантын жеңіп алды.  Ал 2-орынға тұрақтаған өзге қатысушылар 50 пайыздық жеңілдікке қол жеткізсе, 3-орын иегерлеріне 30 пайыздық жеңілдік берілді, - делінген хабарламада.

Колледждер арасында олимпиада 8 бағыт бойынша өтті. Пәндік олимпиадада оқушылар 10 грантты ұтып алды. 

- Торайғыров университеті мектептер мен колледждерді қоса алғанда, білім берудің барлық деңгейлерінде кәсіптік бағдарлауды белсенді жүзеге асырады. Дәстүрлі олимпиаданы ұйымдастыру талантты болашақ студенттерді анықтауға және оларға қажетті мамандықтарды таңдауға көмектесуге бағытталған осы жұмыстың маңызды құралы болып табылады, - деп атап өтті Foundation факультетінің деканы Сәуле Кісенбаева.

ЖОО өткізетін жыл сайынғы олимпиада университет грантын және оқудың бірінші жылына жеңілдіктер ұтып алуға мүмкіндік береді.