Павлодарлық еріктілер балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады
Олар ерекше бағдарлама дайындап келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Мейірімді Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтерлері «Томатис Павлодар» балаларды дамытудың түзету орталығына барды.
Волонтерлер Аяз ата мен Ақшақардың бейнесінде орталықтың тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мерекелік бағдарлама ұйымдастырды, ойындар мен шеңбер бойымен билер өткізді, балаларға ерекше көңіл бөліп, қамқорлық көрсетті.
Іс-шара соңында әрбір балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Өткізілген шара балаларға қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлаған игі бастама болды.