Павлодар облысында картоп қымбаттады
Ал қант пен күріштің бағасы арзандады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы статистика департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы шілдедегі тұтыну бағаларының индексі 100,7%-ды, азық-түлік тауарларына – 101%-ды, азық-түлік емес тауарларға – 100,2%-ды, ақылы қызметтерге – 100,7%-ды құрады.
Азық-түлік тауарлары тобында күнбағыс майы бағасы 4,2%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,6%-ға, ет және құс – 0,4%-ға қымбаттады.
Сонымен қатар жарма бағасы 4,7%, күріш және жұмыртқа 2,1%-дан, қант – 1,8%-ға, макарон өнімдері – 0,8%-ға төмендеді.
– Көкөністер мен жемістерден жемістер арасында картоп бағасы 36,2%-ға, ақ қауынды қырыққабат – 20,6%-ға, пияз және сәбіз 14,9%-дан, алма – 3,7%-ға, алмұрт – 2%-ға қымбаттады. Темекі өнімдерінің бағасы 5,7%-ға өсті,– делінген хабарламада.
Жуғыш және тазалағыш құралдар – 0,8%-ға, автомобильдер –0,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 0,1%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтер бойынша жолаушылар әуе көлігі қызметтері 30,2%-ға, ұялы байланыс қызметтері – 11,5%-ға қымбаттаған.
Жылу маусымдылығының тоқтатылуына байланысты ыстық сумен жабдықтау тарифі 8,3%-ға арзандады.