Павлодарлық кауіпсіз парфюмерлік-косметиканы таңдауда неге мән беру керек?
@Pavlodarnews.kz тілшісі парфюмерлік-косметиканы дұрыс таңдаудың маңыздылығы, неге мән беру керектігі және қандай жауапкершілікті талап ететіні жайлы Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Жәнібек Шаймерденмен сұхбаттасты.
Бүгінде парфюмерлік және косметикалық өнімдер үлкен сұранысқа ие. Алайда нарықтағы өнімдер ауқымынан қауіпсіз косметиканы таңдау ісі маңызды әрі айтарлықтай жауапкершілікті керек етеді.
Парфюмерлік-косметикалық өнімдер – тікелей адамның сыртқы қабатына (теріге, шаш, тырнақ, ерін), ауыз қуысының тістері мен шырышты қабығын күтіп тазартуға, сыртқы түрін өзгертуге, жағымды иіс беруге, дене иісін түзетуге, қорғауға, жақсы күйде ұстауға немесе қолдануға арналған зат, заттар қоспалары.
– Парфюмерия мен косметиканы дүкендерден, сауда желілерінен, осы өнімді сақтап, өткізуге толық жағдай жасалған, сондай-ақ тауардың қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттары бар мамандандырылған бөлімдерден сатып алу қажет, – дейді Жәнібек Шаймерден.
Оның айтуынша, Қазақстан аумағында ересектер мен балаларға арнайы шығарылып сатылатын парфюмерлік-косметикалық өнімдер КО ТР 009/2011 Кеден одағының «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Қаптамада, бұйымның затбелгісінде, ашықхатта немесе қосымша парақта орналастырылған өнім туралы ақпарат тауарда мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
- Парфюмерлік-косметикалық өнімнің атауы, мақсаты (балаларға арналған косметиканың таңбалауында тиісті ақпарат болуы керек);
- Өндірушінің атауы, орналасқан жері (елді қоса алғанда, заңды мекенжайы);
- Тұтыну ыдысындағы өнімнің номиналды саны (көлемі, салмағы және данасы);
- Шарттар стандарттыдан өзгеше болса, сақтау шарттарының сипаттамасы;
- Өнімді қолдану кезіндегі ерекше сақтық шаралары (қажет болған жағдайда);
- Парфюмерлік өнімдерді қолдану тәсілдері туралы мәліметтер, олардың болмауы тұтынушының парфюмерлік өнімдерді дұрыс пайдаланбауына әкеп соғуы мүмкін;
- Ингредиенттер тізімі/өнім құрамы (бұл ретте парфюмерлік (хош иісті) композиция құрамын ашпай-ақ бірыңғай ингредиент ретінде көрсетіледі);
- Мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі — Кеден одағының (ЕАС) мүшелері;
- Ингредиенттер тізімі мемлекеттік тілде немесе латын әліпбиінің әріптерін қолдана отырып, косметикалық халықаралық номенклатураға (INCI) сәйкес ұсынылуы мүмкін;
- 14 жасқа дейінгі балаларға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдерге (сабын, сусабындар, кремдер, дене майлары, ұнтақтар) қатаң талаптар қойылады. Себебі балалар денесі жағымсыз сыртқы факторларға өте осал болып келеді.
Мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдерді қоспағанда, барлық парфюмерлік-косметикалық өнімдер декларациялау нысанында сәйкестікті растауға жатады.
– Косметика мен парфюмерияны таңдағанда өнім туралы ақпараттың тауарда жазылуына, жарамдылық мерзіміне, сақтау әдістері мен шарттарына, сату кезінде дұрыс сақталуына мән берілуі тиіс, –дейді спикер.
Спикердің сөзінше, аталмыш косметиканың жағымсыз салдарын алдын алу үшін (аллергиялық реакциялар, теріні тітіркендіретін әсер) осы өнімнің әсері, косметиканың әсер ету сипаты, қолдану және қолдануға қарсы көрсетілімдері бар компоненттік құрамды зерттеу қажет. Сондай-ақ, сатып алу кезінде парфюмерия, одеколон, дәретхана суының хош иісімен, қағаз парақтары мен пайдаланатын басқа да парфюмерлік өнімдермен танысу қажет.
– Әсіресе тауардың техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігін міндетті растау жайлы мәліметтерді қамтитын құжаттың болуы маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтқанда, сертификат, декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, – дейді маман.
Сонымен қатар, жасанды тотығуға, теріні ағартуға, татуировкаға, интимдік косметикаға, зиянды өндірістік факторлардың әсерінен теріні жеке қорғау өнімдеріне, балалар косметикасына, шашты химиялық бояуға, ағартуға және бөлектеуге, шашты химиялық бұйралауға, түзетуге, наноматериалдарды пайдалана отырып өндіруге, депиляцияға, пилингке, құралдарына, фторидтердің массалық үлесі 0,15%-дан асатын (ауыз қуысының гигиенасының сұйық құралдары үшін-0,05%) (фтордың молярлық массасы бойынша) құрамында фторы бар ауыз қуысының гигиенасына, құрамында сутегі асқын тотығы немесе бөлетін басқа компоненттері бар тістерді ағартуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуға міндетті.