Ертіс өзенінде жоғалған әйел іздестірілуде

Ертіс өзенінде жоғалған әйел іздестірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өзен жағасынан оның сыртқы киімі табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ертіс өзені аумағында 1976 жылы туған әйелді іздеу шаралары жүзеге асырылуда.

– Акваторияны толықтай тексеруге ерекше назар аударылды. Құтқарушылар мен сүңгуірлер су айдыны мен жағалау аймағын зерттеу үшін арнайы жабдықтарды, соның ішінде жүзу құралдары мен эхолотты қолданып, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, ТЖД қызметкерлері полициямен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, жағалауды жаяу тексеруде. Жергілікті жерде барлық тартылған қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру ұйымдастырылған.

Іздеу-құтқару шаралары жалғасуда.