Павлодарлық кітапханада Абай Құнанбайұлының бес тілдегі кітаптары сақталған

Павлодарлық кітапханада Абай Құнанбайұлының бес тілдегі кітаптары сақталған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сондай-ақ кітапханада басқа да көптеген сирек кітаптар бар, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өзге тілдерге аударылған кітаптары туралы айтып берді. 

– Абай атамыздың «Қара сөздері» мен өлеңдері қазақ тілінен бөлек орыс, ағылшын, француз, неміс, түрік, испан, қытай, жапон, үнді және тағы басқа да көптеген тілдерге аударылған. Ал біздің кітапханада Абайдың бес тілдегі кітабы сақталған.  Атап айтсақ, барлық кітаптары қазақ және орыс тілдерінде. Сонымен қатар,  ағылшын тілінде поэзия және прозалары аударылған. Ол 2020 жылы Халықаралық Абай клубының қолдауымен Семей қаласында шыққан, – дейді кітапханада. 

Одан бөлек, 1995 жылы қытайдағы қазақ жазушысы Әкпар Мәжитұлының аудармасымен басылған қытай тіліндегі кітаптарды да оқуға болады. Бұл еңбек Қытай Халық республикасының ұлттық баспасында шығарылған. 2020 жылы ақынның қара сөздері мен өлеңдері үнді тіліне аударылып басылған. 

Фото: С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұсынды