Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Конституциялық комиссия құрамына енді
Комиссия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығын орындау мақсатында жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко Астанада өткен Конституциялық комиссияның алғашқы отырысына қатысты. Іс-шара Парламент депутаттарының, мәслихат төрағаларының, қоғам қайраткерлерінің, орталық мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, өңірлік қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.
Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Алғашқы отырыста комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі негізгі ұсыныстарды жан-жақты қарастырды.