Павлодарлық волейболшылар Орал командасын сенімді түрде жеңді

Павлодарлық волейболшылар Орал командасын сенімді түрде жеңді
Фото: Константин Шелков

Матчтағы есеп айырмашылығы ойынның жеңіл өткенін білдірмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кездесуден кейін ойын нәтижесіне павлодарлық «Ertis» командасының бас бапкері Вячеслав Ходус пікір білдірді. Оның айтуынша, алғашқы минуттардан-ақ қарсылас команданың деңгейі басқа екені байқалды. Соған қарамастан, «Жайық» командасы ойынды өз стилінде бастап, ойын техникасына аздаған өзгерістер енгізген.

– Партияның ортасына қарай ойын бұрынғы қалыпқа түсті. Біздің волейболшылар әр қарсыластың қимылын түсініп, не күту керегін білді. Бұл өз кезегінде есепке әсер етті, – деді бас бапкер.

«Ertis» ойынды өз қолына алып, белгілі бір сәтте қарсыластың қарқынын бәсеңдете алды. Бапкердің сөзінше, оралдық команданың өзіндік ерекшелігі бар.

– Есеп айырмашылығы пайда болған сәтте команда сәл абдырап қалады. Бұл бізге өткен турдан белгілі еді. Егер есеп тең болып, ойын соңына дейін созылса, тартысты кездесу болар еді. Бұған дейін екі кездесудің шешуші сәттері өте қиын өтті: біреуінде жеңілдік, екіншісінде жеңіске жеттік. Сондықтан дәл осы есептегі айырмашылықтар шешуші рөл атқарды, – деп атап өтті Вячеслав Ходус.

Шабуылда 23-нөмірлі Анастасия Смирнова мен 77-нөмірлі Кристина Гречка нәтижелі ойын көрсетті.

– Команда капитаны Вероника Ткач қорғаныста жақсы көмектесті, бүгін қабылдау сәтті болды. Қарсыластың шабуылы өте ауыр, бұл — біз үшін ең күрделі элементтердің бірі. Соған қарамастан, бүгін қабылдаудан сүрінбедік, сондықтан ойын ойдағыдай өтті. Сондай-ақ байланыстырушы Юлия Байдак ойынды жақсы ұйымдастырды, ал доп беруде Екатерина Селезнёва ерекше көзге түсті, – деді бапкер.

Кездесу барысында ойын ұзақ қызып отырды, бұл маңызды рөл атқарды. Мұндай сәттерде «кім төзімді» деген сұрақ алға шықты. Мұнда «Ertis» өзін сенімді көрсетті.

– Бір эпизодта шабуылдаушыға төрт ретке дейін пас берілуі мүмкін. Бұл — блокқа толық күшпен төрт рет секіру деген сөз. Бір ойынның өзінде жүзге жуық секіру жасалады, сондықтан ойыншылар дәл осындай сәттерде қатты шаршайды, – деп түсіндірді бапкер.

Алдағы ойында павлодарлық команда Маңғыстау облысының ұжымымен кездеседі. Бас бапкердің бағалауынша, бұл қарсылас алдыңғысынан сәл әлсіздеу.