Павлодарлық велоспортшы тас жолдағы жарыстан Азия чемпионы атанды
Ол Қытайдан келген шабандозды басып озды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 ақпанда Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды.
Жарысқа Қазақстан құрамасы қатысуда. Әйелдер тобында элита мен U-23 санатында Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Ақпейіл Өсім, Мария Елькина, Ангелина Буренкова, Елизавета Склярова, Виолетта Казакова бар.
20 шақырымдық жеке жарыста Рината Сұлтанова Гонконг пен Қытайдан келген бәсекелестерден озып шығып, алтын медаль жеңіп алды.
– Бұл жетістік – қажырлы еңбектің, мінездің күшінің, мақсаттылықтың және нағыз спорттық шеберліктің нәтижесі. Жаңа жарқын бастамалар, сенімді жеңістер, мықты денсаулық және халықаралық аренада одан әрі табыс тілейміз, – деп спортшыны құттықтады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары спорт шеберлігі мектебі.
Аталмыш жарыс Азияның велосипед спорты конфедерациясы ұйымдастырған ауқымды спорттық оқиға, ерлерге, әйелдер мен юниорларға арналған жеке және топтық жарыстарды қамтиды және халықаралық жарыстарға іріктеудің маңызды кезеңі болып табылады.