Павлодарлық боксшы әлем чемпионы атағы үшін күресін жалғастырады
Серік Теміржанов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл кезеңде Ертіс ауданының тумасы, замбиялық Эндрю Чилатамен кездесті. Жекпе-жек ерте аяқталды: біздің боксшымыз екінші раундта африкалықты нокаутқа жіберді. Бұған дейін павлодарлық боксшы 60 келі салмақтағы тағы бір фаворит, қазіргі әлем чемпионы, моңғолиялық Эрдэнэбатын Цэндбаатарды 5:0 есебімен оңай жеңген болатын.
Ширек финалда Серік Теміржанов тәжікстандық Акмаль Убаидовпен кездеседі.
БАӘ-де IBA бокс бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр, оған 118 елден келген спортшылар қатысады. Барлығы 13 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Турнирдің жүлде қоры 8,3 миллион долларды құрайды.