Железин шаңғышылары жаңажылдық сыйлық алды
Аяз ата рөлін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мойнына алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың бас спорт ведомствосы Железин аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы жарысы бөліміне заманауи жарыс шаңғыларын, кәсіби аяқ киімдерін, және басқа да қажетті жабдықтарды сыйға тартты.
- Бұл біз үшін қандай қажет сыйлық екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді Железин балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аңызға айналған жаттықтырушысы, КСРО мен Қазақстан Республикасының спорт шебері Евгений Кисляков. – Бұл енді космос: жоғары сапалы шаңғылар, аяқ киімдер, байламдар, шаңғы роллерлер, таяқшалар, эспандерлер – қысқасы, жоғары сапалы жаттығу және жарыстарға қатысу үшін қажеттінің бәрі. Бұл – соңғы 40 жылда көрсеткен нәтижелеріміз үшін тамаша сыйлық.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Басқарма бұл жаңарту спортшыларымыздың дайындық сапасын жақсарту және олардың болашақ жетістіктерін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар тұрғыны Дарья Ряжко бірнеше күн бұрын Қазақстан Кубогында үш медаль жеңіп алып, жеке спринтте үшінші, 30 шақырым классикалық масс-стартта екінші және он шақырымдық жеке фристайлда үшінші орын алды.
Жарыс нәтижелері бойынша шаңғышы 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды.