Павлодарлық кітапханашылар ресейлік әріптестерімен ынтымақтастықты арттыруда

Павлодарлық кітапханашылар ресейлік әріптестерімен ынтымақтастықты арттыруда
Фото: Кітапханадан

Осы мақсатта бүгін облыс орталығында халықаралық онлайн кітапхана телекөпірі ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Ресей Федерациясының Ульяновск облыстық ғылыми кітапханасымен халықаралық онлайн кітапхана телекөпірі өтті.

- Облыстық кітапхананың шет елдердің кітапханаларымен серіктестік қарым-қатынас аясында РФ «В.И.Ленин атындағы Ульяновск облыстық ғылыми кітапханасымен» халықаралық онлайн кітапханалық телекөпір ұйымдастырылды. Онлайн-кездесу қызықты жобалар мен идеяларды әзірлеу және жүзеге асыруда тәжірибе алмасуды мақсат етеді, - делінген хабарламада.

Шараға Ульяновск және Павлодар облыстарының өңірлік және муниципалды кітапханаларының қызметкерлері қатысты. Телекөпір басында қатысушыларға Павлодар және Ульяновск облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларының жұмысы туралы бейнесюжеттер көрсетілді.

Бұдан бөлек, шарада Қазақстан мен Ресей кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы сөз болды.