Павлодар облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бұл қызметке облыс әкімінің өкімімен Бахытжан Темірбекұлы Алимгазинов тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бахытжан Темірбекұлы, 1985 жылы туған, екі жоғары білімі бар.
2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Сәулет» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған, 2019 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Еңбек жолын 2007 жылы дизайнер болып бастады. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар қаласының «Геодезия, картография және құрылыс» МКҚК сәулетшісі болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар қаласының жобалау ұйымдарында қызмет атқарды.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
2019 жылдан 2020 жылға дейін Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
2020 жылдан 2021 жылға дейін облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Айта кетейік, 2021 жылдан 2023 жылға дейін EPC management бағыты бойынша Астана қаласының жобалау және құрылыс компанияларында қызмет етті.