Павлодарлық азамат марихуана қолданғаны үшін қамалды

Павлодарлық азамат марихуана қолданғаны үшін қамалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Медициналық сараптама оның есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марихуана есірткі затын медициналық мақсатта емес қолдану дерегі бойынша азамат С.-ға қатысты істі қарады.

Сотта 2025 жылғы сәуір айында азамат С. Павлодар қаласындағы өз саяжайында марихуана қолданғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталған, – деді соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында азамат С. кінәсін толық мойындап, тыйым салынған заттарды медициналық мақсатта емес пайдаланғанын растады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған.

Іс нәтижесінде сот азамат С.-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды. Қаулы заңды күшіне енді.