Павлодарда оқ жарақатын алған ер адамның жағдайы белгілі болды
Бұл туралы Павлодар облысы жедел жәрдем станциясы мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға 18 ақпан күні сағат 20:30 шамасында болған.
- Шақыру сағат 20:30-да келіп түсті. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына сағат 20:39-да жетті. Науқас бел аймағындағы оқ жарақатын алған. Алған жарақатының ауырлығы орташа дәрежеде. Ер адам Павлодар қалалық бірінші ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Павлодарда 43 жастағы қала тұрғыны оқ жарақатын алды. Зеленстрой кентінің жеке секторында бұрынғы таныстарының қолынан жарақат алғаны анықталды.
ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіліп жатыр.