Павлодарлық зейнеткерлер көлік картасынсыз жолақысын төлей алады
«Avtobys» электрондық жол жүру ақысын төлеу жүйесін жаңғыртылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Смарт Автобус ПВ» ЖШС-ның мәлім етті.
– Енді Павлодар қаласының зейнеткерлері автобустар мен трамвайларда ілінген QR коды арқылы жеңілдікті көлік картасын пайдаланбай-ақ жол ақысын 50% жеңілдікпен төлей алады, – делінген хабарламада.
Зейнеткерлер аталмыш өзгерісті өз смартфонында тіркеу үшін Ак. Шөкин көшесі, 31 мекенжайында орналасқан «Смарт Автобус ПВ» офисіне жүгінуі қажет.