«Ақсу» футбол клубы жаңа құрамдағы команданың таныстырылымын өткізді
Бүгін «Ақсу» футбол клубының жаңартылған командасының таныстырылымы өтті. Павлодарлық жанкүйерлерге Қазақстан Жоғары лигасының командалары арасында жаңа маусымды бастайтын құрам таныстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Ақсу» ФҚ-ың намысын жергілікті ойыншылардан бөлек келесі легионерлер: Қырғызстан ұлттық құрамасынан Қайрат Зырғалбекұлы, украиналық «Мариупольдің» тәрбиеленушісі Артур Мырза, қабарды- балқар футболының тәрбиеленушісі Ислам Жилов, Нигерия футболының тәрбиеленушісі Финляндия чемпионатының екі дүркін чемпионы Фейт Обилор, «Америка Минейро» бразилия клубының қорғаушысы Брайан Гарсия Сильва, сербия футболының тәрбиеленушісі Никола Эскич қорғайды. Жартылай қорғаушы Тони Силва футболдағы мансабын 2011 жылы «Ливерпуль» клубы мен Гвинея-Бисау құрамасында бастаса, Чиди Осукву Нигерия футболының тәрбиеленушісі, Жилсон Коста португалиялық «Бенфика» клубының тәрбиеленушісі ретінде бастады. Шабуылшы Луис Гедеш бразилиялық «Гуарани Кампинас» клубының,
бас бапкер Руслан Есімов Украинадағы Хмельницкий қаласының «Подолье» футбол клубының тәрбиеленушісі.
Асайын Байханов ойыншылармен жеке танысып, команданы ойын маусымының басталуымен құттықтады.
- «Ақсу» командасы - біздің мақтанышымыз! Өткен жылғы премьер-лига ойындарына команда алғаш рет қатысса да 6-шы орынға ие болды. Бұл үлкен жетістік. Қазір команда құрамы 60%-ға өзгерді. Команданың 8 ойыншысы Павлодар футбол мектебінің түлектері екені қуантады. Өз тарапымыздан біз өңірдегі футболды дамытуға барынша күш саламыз, - деп атап өтті өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында түрлі жастағы футболшылар «Спорт-Сити» спорт қалашығының жаңа жабық манежінде жыл бойы толық көлемді алаңда жаттығуға мүмкіндік алды. Биыл тағы бес мектеп стадионы және 20-дан астам шағын футбол алаңы салынады.
Асайын Байханов ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамына жеңіс пен табыс, жақсы спорттық әзірлік пен сәтті ойын өрнегін көрсетуді тіледі.
- Осы маусымда біз Павлодар және Қазақстан футболының спорттық өмір тарихына енетін жаңа есімдерді күтеміз, - деді облыс әкімі.
Өз кезегінде команда капитаны жанкүйерлердің үміттерін ақтауға уәде берді.
Суреттерді түсірген Константин Шелков