Павлодарлық жастар халықаралық конференцияда өз тәжірибелерімен бөлісті

Павлодарлық жастар халықаралық конференцияда өз тәжірибелерімен бөлісті
Фото: білім басқармасынан

Аталмыш шараға елімізден бөлек, Ресей мен Беларусь Республикасынан 400-ге жуық өтінім келіп түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, ИнЕУ жоғары колледжінің базасында облыс, республика және тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің колледж студенттері мен мектеп оқушыларының (9-11-сыныптар) арасында «ХХІ ғасыр студенттері мен оқушыларының интеллектісі: мүмкіндіктер мен перспективаларды іске асыру» атты VII ғылыми практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға қатысушы жастар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар, жаратылыстану-математика ғылымдары
, педагогика және психология, филологиялық пәндер, экономика, құқық және информатика тәрізді 8 бағыт бойынша өз жобаларын қорғады. 

- Аталмыш шараға қатысуға 385 өтінім келіп түсті. Өз баяндамаларын 235 студент пен мектеп оқушылары ұсынды. Сондай-ақ, конференцияға Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан баяндамалар жолданды. Ал, елімізден Алматы, Астана, Қызылорда, Қарағанды, Семей және Қостанай қалаларынан қатыушылар келді, - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділігі мен ұсынылған жұмыстарының жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді.