Павлодарлық жастар республикалық турнирде үш медальге ие болды

Павлодарлық жастар республикалық турнирде үш медальге ие болды

«Баянтау» спорт сарайында муай-тай бойынша республикалық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, жарысқа Павлодар, Шымкент, Астана, Түркістан қалаларынан, Қостанай, Ақмола облыстарынан 13-18 жас аралығындағы 100 ұл мен қыз, оның ішінде жергілікті «Жігер» балалар-жасөспірімдер «Бірлік» клубының үш тәрбиеленушісі қатысты.  

Турнир қорытындысы бойынша № 24 ЖОМ 8-сынып оқушысы Арыстан Құсайынов пен Мақсат Инновациялық Еуразия университеті колледжінің 1-курс студенті Мақсат Қадырбаевекі екі алтын медаль жеңіп алды. Олар «Бірлік» клубында шамамен төрт жыл айналысады және тұрақты қатысушылар мен жүлдегерлер болып табылады. Сондай-ақ  Инновациялық Еуразия университеті жоғары колледжінің 1-курс студенті Қайрат Құсайынов күміс жүлдегер атанды. 

– Клуб тәрбиеленушілері республикалық, облыстық, қалалық турнирлерде бірінші рет жүлделі орындар алып отырған жоқ. Олардың жетістіктері – ата-аналары мен жаттықтырушылары үшін зор қуаныш. Әрине, бұл – балалардың өздері үшін үлкен еңбек, өйткені олар сабақты жіберіп алмауға тырысады, – дейді  тәрбиеленушілердің жаттықтырушысы, спорт шеберінің кандидаты, клубтың қосымша білім беру педагогы Жандос Рақышев.

 Ол турнирде әртүрлі жарыстарда «Үздік төреші» атанды.