Павлодарлық зияткер оқушылар білімдерімен MacBook пен смарт сағат ұтты

Павлодарлық зияткер оқушылар білімдерімен MacBook пен смарт сағат ұтты

Облыстық команда республикалық олимпиадада үздік деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында 28 қазан-1 қараша күндері өткізілген  Қаныш Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадасына еліміздің 17 аймағынан 80-ге жуық  9-11-сынып оқушылары қатысты. 

Павлодар облысынан химия пәнінен республикалық  олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері – дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары Дәрия Бектұрсын, Ярослава Кравчук және Василий Лим қатысты.  

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Дария Бектұрсын мен 11-сынып оқушысы Ярослава Кравчук абсолютті жеңімпаздар атанды және алтын медальдарға иеленді, ал 9-сынып оқушысы Василий Лим қола медальға ие болды.

Сонымен қатар Ярослава Кравчук «Гран-при» номинациясымен Satbaev University білім грантына ие болды.

Павлодар облысының командасы  «Ең  үздік олимпиадалық  команда» кубогымен марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер MacBook, планшеттер және смарт сағат сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.