«Қазақ лигасы»: Павлодарда пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды
Турнир кезеңдері дүниежүзілік мектеп форматын қамтыды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебінде республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара республиканың жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларын қолдауға, жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Қазақ лигасы оқушылар арасындағы республикалық пікірсайысқа 9-11-сыныптардың білім алушылары қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. М.Әлімбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Жансұлу Біржан, № 7 мектептің 11-сынып оқушысы Әбиба Қамза және Кенжекөл мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Ергенбекқызы «Үздік спикер» номинациясына ие болды.
«Үздік команда» номинациясын Мәшһүр Жүсіп атындағы «Зияткер» командасы иеленді. Сондай-ақ, № 2 мектептің «Shabyt» командасы және № 25 мектебінің «Justice» командасы үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал екінші дәрежелі диплом иегері № 14 мектебінің «Mustafa» командасы және бірінші дәрежелі диплом иегері Ж.Тәшенев атындағы мектептің «Кейін» командасы атанды.
Айта кетейік, қазақ лигасы ойынының қорытындысы бойынша төрешілер алқасы республикалық турнирдің облыстық кезеңіне қатысатын жеңімпаз командасын қалыптастырып, қатысу құқығын алды.