Павлодарлықтар республикалық турнирде он бір алтын алды
Турнир Екібастұз қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің мәліметінше, республикалық жарыс еркін күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушы Л.И.Иванковтың құрметіне орай өтті. Байқауда жергілікті палуандар жақсы нәтиже көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша өз салмақтары бойынша бірінші орынды Жасмина Бакоева, Анэль Бүркітбаева, Сания Омарова, Аружан Зарып, Алтай Ризабеков, Кемел Қажтай, Акежан Акижанов, Тамерлан Қайролла, Бақтияр Шопан, Дамир Аскен, Арманалды Қорабай алды. Ал жүлделі екінші орынға Икрам Қожахан, Карина Чижова, Даяна Саденова ие болды. Үшінші орынға Захар Шуяков, Бейбарыс Серғазы, Мәди Серік, Бейбарыс Бауыржанұлы, Юсуф Сатторов, Жанарыс Аманжол табан тіреді.
Еске сала кетейік, ел біріншілігінен Грэпплинг Ги күресінің палуандары 11 жүлдемен оралған болатын.