Екібастұзда жүздеген бала Рахмоновтан қолтаңба алуға келді

Екібастұзда жүздеген бала Рахмоновтан қолтаңба алуға келді
Фото: Шавкат Рахмоновтың парақшасынан

Кеншілер қаласына аралас жекпе-жек өнерінің қазақстандық спортшысы Шавкат Рахмонов келді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Спортшы сапарын «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімшесі тәрбиеленушілерінің ашық жаттығуларынан бастады. Жүздеген бала танымал спортшыны көріп, қолтаңба алуға келді.

Қала әкімшілігінің қолдауымен панкратион бойынша «Жас қыран» ашық қалалық чемпионаты өтті. Оған Екібастұз, Павлодар, Астана, Ақсу және Қарағанды қалаларынан 140-тан астам спортшы қатысты. Екі жыл қатарынан спорттық ойын-сауық жарыстарына Диас Ерингаипов пен Дархан Субеков  бастамашы болған. Осындай жарыстарды жыл сайын өткізу дәстүріне айналған. Жарыстың арнайы қонағы MMA-дан Әлем чемпионы, UFC жарық жұлдызы және жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге басты үміткер Шавкат Рахмонов болды. Ол «Дара жол» жобасы аясында мектеп оқушыларымен кездесті. Диалог алаңы «Өнер» қалалық мәдениет сарайында өтті. Жас спорт әуесқойлары спортшыны мұқият тыңдап, атақты спортшыға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Кәсіби спортшы өзінің өмірі, спорттық мансабы туралы айтып, жас ұрпаққа бірнеше кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов – UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы. Файтер ұйымның жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінің үшінші орнын алады. Спорттық мансабында барлығы 18 кездесуді жеңіліссіз өткізді.